Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) делегациясының сапары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл шара Жоғары Сот Кеңесінің халықаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған белсенді ұстанымының нәтижесі.

Кездесуге Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин, Жоғары Сот Кеңесі Аппараты бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова, Академия қызметкерлері Бақыт Сембекова мен Гүлшат Тәкішева, TİKA-ның Қазақстандағы бағдарламалар үйлестірушісі Фуат Ердоғмуш, Анкарада орналасқан TİKA өкілі Абдулкадир Абукан және Қазақстандағы TİKA өкілдігінің ассистенті Жанайым Қуаныш қатысты.

Кездесу барысында тараптар ғылыми зерттеулер мен сот білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Әсіресе, сот төрелігі саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударылды. Бұл – Жоғары Сот Кеңесінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі.

Кездесу қатысушылары халықаралық байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу және қонақ дәрістер, курстар мен өзге де білім беру іс-шараларын ұйымдастыру сияқты бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған бастамалар қазіргі заманғы сот жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті заң мамандарын қалыптастыруға, сондай-ақ сот төрелігінің сапасын арттыру мен азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1047638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version