Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) делегациясының сапары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл шара Жоғары Сот Кеңесінің халықаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған белсенді ұстанымының нәтижесі.🤝

Кездесуге Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин, Жоғары Сот Кеңесі Аппараты бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова, Академия қызметкерлері Бақыт Сембекова мен Гүлшат Тәкішева, TİKA-ның Қазақстандағы бағдарламалар үйлестірушісі Фуат Ердоғмуш, Анкарада орналасқан TİKA өкілі Абдулкадир Абукан және Қазақстандағы TİKA өкілдігінің ассистенті Жанайым Қуаныш қатысты.📚

Кездесу барысында тараптар ғылыми зерттеулер мен сот білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.🧑‍⚖️

Әсіресе, сот төрелігі саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударылды. Бұл – Жоғары Сот Кеңесінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі.✅

Кездесу қатысушылары халықаралық байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу және қонақ дәрістер, курстар мен өзге де білім беру іс-шараларын ұйымдастыру сияқты бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.❗️

Аталған бастамалар қазіргі заманғы сот жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті заң мамандарын қалыптастыруға, сондай-ақ сот төрелігінің сапасын арттыру мен азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1047638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді