ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 20 тамыз Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында кіші мәжіліс залында сағат 12-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІ сессиясы шақырылады. Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1.Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 168/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы міндетін атқарушысы – Баймаканова Мадина Жүсіпқызы.
2.Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы. Баяндамашы: Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы – Мукитов Нұрбол Нұртазаұлы.
3.Ақтоғай ауданының округтік және участкелік сайлау комиссияларынын құрамына өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Шайкенов Бауыржан Бейсенбекұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-aktogay/press/news/details/1052514?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау