Астанада қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы Әлем чемпионаты өтуде.
Аталған додада әлемнің ең мықты спортшылары белдесуде.
Әйелдер арасында 56 келі салмақ дәрежесінде Раузa Нұрмахамметова жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин қатысқан болатын.
Жалпы жарысқа 20-дан астам елдің өкілдері қатысуда. Чемпионат бағдарламасына сәйкес медальдар 16 салмақ дәрежесінде сарапқа салынуды. Яғни ерлер мен әйелдер 8 салмақ бойынша сынға түседі.
Ескерте кетейік, Қазақстан атынан әлем чемпионатында Қарулы Күштер мен ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметінің таңдаулы балуандары өнер көрсетуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1052512?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау