Әділет департаменті Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға студенттер, мәдениет, заң қоғамдастығының өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Кездесудің мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияға деген құрметті нығайту және оның мемлекеттіліктің негізі ретіндегі тарихи маңызын ашу.
  Қатысушылар Конституцияның демократияны дамытудағы рөлін, құқықтық мемлекеттің қазіргі заманғы сын-тегеуріндерін және оның нормаларын азаматтардың өмірінде қолдану мысалдарын талқылап, жастардың белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтті.

Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1052924?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version