2025 жылдың 8 айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен Қазақстан аумағында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іске асыру фактілері бойынша медициналық және фармацевтикалық ұйымдарға қатысты жалпы сомасы 12 549 720 теңгені құрайтын 18 әкімшілік хаттама жасалды.
Халықтың тіркелмеген, медициналық қолдануға рұқсат етілмеген, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануына жол бермеу мақсатында келесі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қажет:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 233-бабы 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» 18-тармағының 3)–4) тармақшаларына сәйкес, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу мынадай шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады:
3) Кодекстің 241-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен сапасы бағалаудан өткен тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар не Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен қызметінің басталғаны туралы хабарлаған субъектілерден сатып алу;
4) Кодекстің 7-бабының 44) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен сапасы бағалаудан өткен тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды халыққа, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын, медициналық қызметке лицензиясы бар не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен қызметінің басталғаны туралы хабарлаған жеке тұлғаларға, сондай-ақ рецептісіз босатылатын дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды өткізу;
Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы заңнама нормаларын сақтау халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1052927?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау