2025 жылдың 15 тамызында Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ «Қарағанды» шекаралық бөлімінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында «Әуе кемесі бортынан АҚИ-ға күдікті науқастың бар екендігі туралы ақпарат түскен кездегі санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын санитариялық-карантиндік пункті маманының іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізді.
Семинар барысында әуе кемесі бортынан әуе әкемесінде аса қауіпті инфекцияға күдікті жолаушының бар екендігі туралы ақпарат түскен кезде барлық қатысы бар қызметтер мен санитариялық-карантиндік пункті мамандарының жедел өзара іс-қимылы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – карантиндік инфекцияның әкеліну және таралу қаупі туындаған жағдайда мамандардың өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту.
Семинарға қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды, қатысушыларға жадынамалар мен парақшалар табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1052373?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау