Сандықтау ауданы әкімінің Спорт күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Қымбатты спорт пен салауатты өмір салтын ұстанушылар!
Сіздерді шын жүректен күш-қуаттың, денсаулықтың, жарыс рухының және жаңа жетістіктерге ұмтылыстың мерекесі – Спорт күнімен құттықтаймын!
Ауданымызда көптеген талантты спортшылар, жаттықтырушылар, спорт жанашырлары мен салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді азаматтар тұрады. Сіздердің арқаларыңызда Сандықтау ауданында спорт саласы қарқынды дамып, өз орнын табуда.
Сіздердің аудандық, облыстық және республикалық деңгейлердегі жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздер жастарға шабыт беріп, спорт пен денсаулыққа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, биік көңіл-күй, жаңа спорттық рекордтар мен өз күштеріңізге деген сенімділік тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі
Серік Құдабай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1052374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version