Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев Прибрежный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым және елді мекен тұрғындарын толғандыратын басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Азаматтар тарапынан айтылған барлық өтініштер тіркелді және бақылауға алынды.
Аудан әкімі тұрғындармен кері байланыс жергілікті атқарушы органдар жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретініне тоқталды. Келіп түскен сұрақтардың әрқайсысы бойынша қажетті талдаулар жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленеді, өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде жауаптар беріледі.
Кездесу соңында Ренат Курмамбаев тұрғындарға берік ұстанымдары және кенттің өміріне белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1052288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version