Биылғы жылы еліміздің басты педагогикалық жиыны «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өтті.
Дәстүрлі педагогикалық конференцияның биылғы ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде уақыт талабына сай дайын, үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, білім сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, адамгершілік құндылықтары мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін ерекше айтты.
Конференция аясында еліміздегі тұңғыш Балалар құқықтарын қорғау басқармасының Ақтөбе облысында құрылғаны жарияланды. Бұл бастама – балалардың құқықтары мен мүдделерін жүйелі қорғауға, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Ауқымды шара Қазақстанның барлық өңірлерінен келген өкілдерді, алдыңғы қатарлы педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын және сала сарапшыларын бір алаңда тоғыстырды. Конференция қорытындысы бойынша жаңа оқу жылында білім саясаты мен тәжірибесін жетілдіруге арналған ұсыныстар қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1052414?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау