2025 жылғы 15 тамызда Талас ауданының Қаратау қаласында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналысқа Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ауданның мекеме, бөлім басшылары мен қала және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Жиналыстың басты тақырыптарының бірі 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі шақыруды ұйымдастырудың дайындық барысы болды. Талас ауданында берілген жасақ саны 85 адам, әскерге шақырылғандар саны 87 адамға жетті, яғни көрсеткіш артығымен орындалды.
Жиналыс қорытындысы бойынша, басқарма басшысы Қаратау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады. Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген жол картасы аясында жүргізілген жөндеу және жаңарту жұмыстары өз тиімділігін көрсете бастады. Әскерге шақыру пункттері заманауи талаптарға сай қайта жаңартылып, қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жұмыс нәтижелерін ескере отырып, басқарма басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға бұл жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1052415?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау