2025 жылдың 18-ші тамыз күні Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXХІ сессиясы «AMANAT» партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында өтті.
Кезектен тыс сессияға аудан әкімі Б.Жәнібеков, мәслихат төрағасы Ж.Абенов, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Абдрашев, Н.Сұлтанбаев, С.Пернеш, жекелеген әкімдік бөлімдерінің басшылары, Шу қаласы, ауылдық округтерінің әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Ж.Абенов жүргізіп отырды.
Сессия отырысында 8 мәселе қаралды.
Бірінші қаралған мәселе – «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекова хабарлама жасады. Мәселенің алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей-тегжейлі қаралып, талқылануына байланысты сессияда депутаттармен тиісті шешім қабылданды.
Сонымен қатар, осы сессияда аудан әкімдігі ұсынған комиссия құрамдары жаңадан бекітілсе, кейбір комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Осымен тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXХІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1052957?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау