Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялайды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялайды!

Түркістан облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 20 маусымдағы №1 хаттамасының негізінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін (6В02201 Исламтану – 3 грант, 6В02203 Теология – 2 грант) жоғары білім беру ұйымдары арасында конкурс жарияланады.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) электрондық форматта конкурстық өтінім береді және Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларындағы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы    №122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 тамыздағы №410 бұйрығы) қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ ақпараттық картасын толтырады.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 18 тамыз мен 22 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

 

Конкурстық өтінімге ұсынылатын құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылуы тиіс және электрондық форматта turkistan.grant@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылғы 18 тамызынан бастап (сағат 09:00-ден) 2025 жылғы 22 тамызға дейін (сағат 18:30-ға дейін) ұсынылады. Өтінімнің қабылданғанын 8 (725 33)-5-93-13 телефондары арқылы растау қажет.

 

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаты мен күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдердің ұсыну мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-adami-aleuetti-damytu/press/news/details/1052956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version