🔸 Абай облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің назарына!
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Абай облысының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органымен әкімдіктің ресми сайтында әлеуметтік кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырғанын хабарлайды. Бұл мәртебені тек әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар ала алады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2025 жылдың, қыркүйек айының 2 мен 15 (қоса алғанда) аралығында мына мекенжай бойынша: Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97, 11 қабат немесе abay.msb@mail.ru бойынша қабылданады:
‼️Толық ақпаратты 8 705 530 51 73 (Әзіз Асқарұлы), телефондары арқылы білуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik/press/news/details/1053633?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау