ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының міндетін атқарушы Н.Р.Қордабайдың төрағалығымен 2025 жылдың 19 тамызында «Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI), сапа бақылауын жүргізу жөніндегі халықаралық стандарттарының (ISSAI 140) негізгі ережелері туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқуға тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен барлық қызметкерлері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI), сапа бақылауын жүргізу жөніндегі халықаралық стандарттарының (ISSAI 140) негізгі ережелері туралы жоспарлау, есептілік және сапа бақылауы бөлімінің басшысы–мемлекеттік аудитор Альсейт Аманжолұлы баяндама жасап, мемлекеттік аудиторлардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, әкімшілік-ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету бөлімнің басшысы Алматбек Айжарықұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы баяндама жасап арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1053631?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау