“Әлеуметтік маңызы бар объектілердің конструкциялық беріктігі және қауіпсіздігі”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы терроризмге қарсы комиссияның қабылданған шешімдері аясында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті және Полиция департаменті қызметкерлерімен Шымкент қалалық диагностикалық талдау орталығының ғимаратында арнайы жиналыс ұйымдастырылды. 
Қала аумағындағы орналасқан денсаулық сақтау мекемелеріндегі  бейнебақылау камераларын Полиция департаменттің Жедел басқару орталығына шығару сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары мен ережелері түсіндірілді.
Басшылықтың, персонал мен күзет қызметкерлерінің терроризм актілерінің жасалуы немесе жасалу қаупі туындаған кездегі әрекет ету алгоритмі жан-жақты талданды («Нысанның келушілері мен персоналына қарулы шабуыл жасау», «Кепілге адам алу», «Өз-өзін жарып жіберетін террористердің шабуылы», «Жарылғыш құрылғылар мен заттарды жасырын орналастыру» және т.б.). Күдікті мінез-құлық белгілері мен террористік жарылғыш заттардың сырт бейнесі ашып көрсетілді.
Жарылғыш құрылғы немесе күдікті зат анықталған жағдайда эвакуациялау және қоршау аймақтары бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Өткізілген іс-шара – қауіпсіздік жүйесін тиімді ұйымдастырудың жарқын үлгісі болып табылады, ал әрекет ету алгоритмін білу төтенше жағдайларда өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп, қауіп-қатерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Материал Шымкент қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version