Басқару органдарымен кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласының әкімі көпқабатты тұрғын үйлерді жылу беру маусымына дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Аян Бейсекин үй ішіндегі жылумен қамтамасыз ету жүйесін сапалы дайындаумен қатар, №2 және №7 жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталғанын, сондай-ақ Екібастұз станциясындағы негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары толық жүргізілгенін атап өтті.

«Басқару органдарымен осындай кеңестерді 3 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеміз. Бұл өзара үйлесімділікті қамтамасыз етуге және мәселелерді бірлесе шешуге септігін тигізеді. Өткен жылдағы тәжірибеге сәйкес, үйлерін уақтылы дайындаған ең үздік ПИК-ті марапаттайтын боламыз», — деді қала әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1053215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version