Түркістан қаласы «Түркістан Теннис Клубы» мекемесінің қызметкерлеріне «Ұлт тәрбиесіндегі отбасы институтының рөлі» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, отбасын қолдау орталығының психолог мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты – ұлттық тәрбиенің негізі саналатын отбасы институтының рөлін нығайту және жас ұрпаққа отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында психолог маман отбасының бала тәрбиесіндегі орны, ұрпақтар сабақтастығы, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, сондай-ақ ұлттық тәрбиені бастауы – ата-ана мектебі туралы кеңінен баяндады.
Іс-шара аясында қатысушыларға үлгілі отбасылардың өмірінен бейнероликтер көрсетіліп, тәжірибе алмасу мақсатында ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, отбасы құндылықтары жөнінде шығармашылық жұмыстар көрмесі де өткізілді.
Шара соңында қатысушылар отбасы – қоғамның тірегі, ал оның негізі – сүйіспеншілік, сыйластық және жауапкершілік екенін ерекше атап өтті.
Аталған кездесу отбасы институтын нығайтуға, ұлттық тәрбиенің өзегін жастардың бойына сіңіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053217?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау