Қарағанды қалалық мәслихатының жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қалалық мәслихатының жаңа учаскелік сайлау

комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты қаланың аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.

            Сайлау комиссияларының құзыреттілік мерзімі бес жыл құрайды.

            Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

            Саяси партия осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны сайлау комиссиясының құрамына ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларының мүшелерін басқа да қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

            Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларына қарағанда жоғары тұратын сайлау комиссиялары 2025 жылғы 20 тамыздан бастап 3 қыркүйекке дейін қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

            1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер электрондық және қағаз форматта;

            2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;

            3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

            4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

            Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

            Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

            Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

            Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылуы және орындалу күні көрсетілуі тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 20 тамыздан бастап 3 қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін (демалыс күндерін қоспағанда) жүзеге асырылады.

            Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.

            Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы – Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы.

            Жауапты тұлға – «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» ММ:

            – Сүлейменов Қанат Маратұлы, № 413 каб., жұмыс тел.: 40-28-37, электрондық пошта мекенжайы: gormaslihat@mail.ru

            – Тлекова Индира Әлімбайқызы, № 414 каб., жұмыс тел.: 40-28-35

            Қарағанды қалалық мәслихаты 6 жаңа учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

            Сайлау учаскелерінің орталықтары:

 

р/р №

СУ №

 

Сайлау учаскесінің орналасқан мекенжайы

Мүшелер/бос орындар саны

СУ нысанының (дауыс беру бөлмесінің) атауы

Елді мекен

Көше

Үй

1.        

№ 55

«Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» ЖМ

Қарағанды қ.

 Академическая көш.

9

7

2.        

№ 98

«№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Қарағанды қ.

Гүлдер 1 ш.а.

1/1

9

3.        

№ 106

«№19 ЖББМ» КММ

Қарағанды қ.

«Панель – центр» ш.а., Б. Момышұлы көш.

32

9

4.        

№ 107

«№ 19 ЖББМ» КММ

Қарағанды қ.

«Панель – центр» ш.а., Б. Момышұлы көш.

32

9

5.        

№ 168

«М.Мамыраев атындағы мектеп-интернат» КММ

Қарағанды қ.

Мкр. Мамраева ш.а.

17

7

6.        

№ 172

«№24 негізгі орта мектеп» КММ

Қарағанды қ.

Көгілдір тоғандар ш.а., 067 есептік орам

6 учаске

7

 

           

 

            Қарағанды қалалық

            мәслихатының төрағасы                                                                    А. Бөкенов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1053040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version