«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигация саласындағы реттелетін қызметтерге 2026-2030 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2025 жылдың 24 қыркүйекте сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы:
968 7846 4459, кіру коды: 977908).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; +7 775 348 65 91.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/1053283?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау