Жоғары Сот Кеңесінде кезекті аппараттық отырыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыс барысында біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеуден өту және кейстік тапсырмаларды шешу үшін құқық салаларының тізбесін жаңарту, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу мәселелері талқыланды.

Кеңес төрағасы Дмитрий Малахов заңгерлік қауымдастық пен судьялар тарапынан біліктілік емтиханының жекелеген кезеңдерін жаңғырту жөнінде ұсыныстар түскенін атап өтті. Осыған байланысты Кеңес мүшелеріне бұл мәселені жан-жақты зерделеп, емтихан тапсыруға арналған заңдар тізімін жаңарту мен өзектендіруге мұқият қарау тапсырылды.

Бұдан бөлек, Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге дайындық мәселелері қаралды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі. Бұл оқу орны құрылғаннан бері алғаш рет аттестаттаудан өтпек. Объективті тәсілдің маңыздылығын атап өткен Дмитрий Малахов:

«Аттестаттауды өткізудегі мақсат тек мәселелермен мен кемшіліктерді анықтау ғана емес, сондай-ақ одан арғы қызметтің бағыттарын айқындау болып табылады. Аттестаттау комиссиясының құрамына да көп нәрсе байланысты. Ол кәсіби әрі тәуелсіз болуы тиіс, сонда ғана объективті баға беріледі», – деді.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес Төрағасы Жоғары Сот Кеңесінің жұмыс тиімділігін арттыруға, Сот төрелігі академиясының қызметін, сот-білім беру жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарға арналған біліктілік емтиханының кезеңдерін жаңғыртуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1053285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version