Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Ысқақұлы Шалбаев Бейнеу ауылында салынып жатқан жаңа вокзалдың жұмыс барысымен танысты.
Жауапты мердігер мекеме өкілдері жобаның орындалу жағдайын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аудан басшысы жаңа вокзал құрылысының аудан халқы үшін ерекше маңызды екенін атап өтіп, барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін қадап айтты.
Аталған жоба – аудан әкімінің сайлауалды бағдарламасы аясында және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының 2025–2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына аудан әкімінің бастамасымен енгізілуінің нәтижесінде жүзеге асуда. орыс тіліне аударып берші
Қазіргі таңда «Бейнеу» вокзалы арқылы республикалық, халықаралық пойыздар қатынайды. Алайда сұраныс көлемі бұл көрсеткішті екі-үш есеге арттыруды талап етіп отыр. Осыған байланысты жаңа вокзал құрылысы мен теміржол инфрақұрылымын жаңғырту вокзалдың өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және көлік қатынасының мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1053385?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау