Атырауда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Форумда облыс орталығы ғана емес, әр ауданнан келген ұстаздар бас қосты. Келелі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов, білім саласының ардагерлері және арнайы шақыртумен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев қатысты.

Іс-шара барысында білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндамалар тыңдалды.

Өңір басшысы ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, еселі еңбегі үшін алғысын білдірді. Облыс әкімі өңірде педагог тапшылығын шешу үшін жергілікті білім беру грантының саны жыл сайын артып жатқанын да атап өтті. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 43%-ға өскен. Сонымен қатар 81 мұғалімге қызметтік баспана беру қарастырылып отыр.

– Өткен жылмен салыстырғанда өңірде білім саласын қаржыландыру көрсеткіші 17,8%-ке өсті. Жаңа оқу жылына дейін Атырау қаласында үш «Келешек мектебі» мен екі балабақша пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы бір мектеп ашылады. Қазір 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде облыс бойынша қосымша 11 620 оқушы орны ашылады, – деді облыс әкімі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуов өз баяндамасында білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобаларға тоқталды. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруды енгізу, инклюзивті білім беруді дамыту, мектептерді цифрландыру және қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру жөнінде айтты.

Конференцияның пленарлық сессиясында спикерлер білім беру бағдарламаларын дамытудың негізгі бағыттарына арналған баяндамаларын оқыды. «Келешек мектептерінің» тиімділігі және мүмкіндіктері, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті оқу процессіне енгізу, сондай-ақ заманауи педагогтің кәсіби дамуы мен кәсіптік білім беру ұйымдарын жандандыру мәселелері туралы сөз қозғалды.

Жиында ұстаздардың еңбегі еленіп, марапаттарға ие болды. Облыс әкімі Айгүл Жұмабаева ҚР Президентінің «Құрмет» орденін, Ерболат Жұмағазиевке «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Сондай-ақ бірқатар ұстазға облыс әкімінің Алғыс хаты және министрліктің төсбелгілері мен грамоталары берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1054263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version