Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау және азаматтармен жұмыс мәселелері жөніндегі кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Новрузов А.А. қалалық бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерімен азаматтармен өзара әрекеттесу кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кездесу барысында келесі мәселелерге баса назар аударылды:

-қызметтік және тұрмыстық жағдайларда лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану жағдайларына жол бермеу;

-азаматтардың өтініштерін қарау және жеке қабылдау кезінде сыпайы әрі құрметті қарым-қатынас сақтау;

-халықтың өтініштеріне немқұрайлы қарауға жол бермей, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету;

-сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін жағдайларды болдырмау.

Сондай-ақ, жиі кездесетін бұзушылық мысалдары талқыланып, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Мұндай кездесулер жоғары әдеп стандарттарын қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1054262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version