БҚДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) электрондық құжат айналымы жүйелерін ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Талдау жүргізуге электрондық құжат айналымы бағдарламалық қамтамасыз етушісі болып табылатын «Documentolog» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне қатысты Агенттікке келіп түскен шағымдар негіз болды.

Талдау нәтижелері бойынша, «Documentolog» ЖШС «Documentolog» жүйесінің пайдаланушылары мен «Work Space», «Meta Doc», «Somnium» сияқты өзге жүйелердің пайдаланушылары арасындағы хат алмасуға кедергі келтіргені анықталды. Электрондық құжаттарды қабылдамауға жол бермеу жөніндегі талапқа (Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 24-бабы) қарамастан, Товарищество үш жыл бойы хат-хабар алмасуды бұғаттап келген. Бұдан бөлек, ол хат-хабарды тек өзінің шлюзі («Қазақстандық электрондық деректер алмасу орталығы») арқылы ақылы негізде қабылдауды қарастырған.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, «Documentolog» ЖШС 2021–2024 жылдар аралығында нарықтағы үстемдік жағдайды иеленген субъект деп танылды. Агенттік тарапынан компанияға үстем жағдайды теріс пайдаланудың белгілері туралы хабарлама жолданғанымен, бизнес-субъект аталған құжатты мойындаған жоқ. Осыған байланысты 2025 жылғы сәуір айында БҚДА-ның Астана қаласы бойынша департаменті тергеу бастаған болатын.

Тергеуді тоқтату туралы талап-арызбен Серіктестік (Астана қаласының арнайы ауданаралық әкімшілік) сотқа жүгінді. Алайда сот бірінші инстанцияда істі қарау нәтижесінде Серіктестің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

Сондай-ақ цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) тарапынан да шаралар қабылданып, Серіктестікке бұзушылықты жою туралы акт енгізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, қазіргі уақытта Серіктестік құжаттарды жеткізбеу тәжірибесін тоқтатты, ал «Documentolog» жүйесіне хат-хабар аталған шлюз арқылы кедергісіз қабылдануда.

Сонымен қатар биыл Серіктестік «Documentolog» бағдарламалық жасақтамасына лицензияларды бастапқы кодты қоса алғандағы интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сақтамай, министрлікке балансқа берді.

Нарық қатысушылары берілген лицензиялар Серіктестіктің осы нарықтағы үстем жағдайын сақтап қалатынын және өзге электрондық құжат айналымы жүйелерін жеткізуге кедергі жасайтынын айтып алаңдаушылық білдіруде.

Бұдан бөлек, «Documentolog» бағдарламалық қамтамасыз етуді күтіп-ұстауға болашақта шығындар қажет болғандықтан, мемлекет жыл сайын техникалық қызмет көрсетуді (жаңарту, бағдарламаны жетілдіру, техникалық қолдау бойынша колл-орталық жұмысы және т.б.) дәл осы құқық иеленушіден – жоғарыда аталған ЖШС-ден сатып алуға мәжбүр болады.

Жүргізілген талдау мен тергеу нәтижелері бойынша БҚДА тиісті ұсынымдар әзірлеп, оларды шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды. Агенттік тарапынан бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1054020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version