«Mongol Rally» халықаралық ралли-марафонының қорытынды кезеңі Өскеменде өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 тамызда Өскемен қаласында ең ірі халықаралық автошеру жарыстарының бірі – «Mongol Rally» ралли-марафонының мәресі өтеді.
Қатысушылар мыңдаған шақырымдық қашықтықты еңсеріп, бірнеше ел мен аймақ арқылы жүріп өтіп, өз сапарын Шығыс Қазақстанда аяқтайды.
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында «Mongol Rally» мәресі алғаш рет ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл оқиға өңірдің туристік күнтізбесіндегі жарқын сәттердің біріне айналды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, раллидің басталуы 2025 жылғы 13 шілдеде Чехия Республикасының Прага қаласында өтті. Жарысқа 106 команда, 273 қатысушы 20-дан астам елден қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1053745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version