🔰 ОРДАБАСЫ: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨНДІРІСТЕГІ САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАЛЫНҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төлендиев Мұрат Сағынұлының Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес аудандардағы бүгінгі іс сапар барысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында орналасқан аудандық жастар ресурстары орталығының ғимаратында өткен кездесумен жалғасын тапты.
Жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығын тарқата отырып, оны “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірілген кездесуге Ордабасы ауданы білім бөлімінің бас маманы Молдабаев Маратжан Молдабайұлы, ауданға қарасты жекеменшік балабақша құрылтайшылары мен басшылары, шағын бизнес өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасалынып, кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау