Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қоры ұлғаюда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлінді. Жоспар бойынша 1 415 пәтер сатып алынбақ.
Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджет есебінен 50 пәтер (Байзақ ауданында – 30, Қордай ауданында – 20) сатып алынды. Қосымша 48 пәтер (Меркі – 30, Жамбыл ауданы – 18) сатып алу конкурсына ұсынылды.
Қазіргі таңда 1 127 пәтердің құрылысы жүріп жатыр, ал 190 пәтердің құрылысы әлі басталмаған (оның ішінде 10 пәтер – республикалық бюджет, 180 пәтер – облигация есебінен).
Мамандардың айтуынша, биылғы тұрғын үй бағдарламасы өңірдегі баспанаға мұқтаж аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/1054345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version