Ақтауда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Кедергісіз Маңғыстау» жобасы аясында «Өмірге сен» фестивалі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жастарды спорт пен белсенді өмір салтына тарту, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуетін арттыруға мүмкіндік беру.
Фестиваль бағдарламасында жеңіл атлетика, эстафета, арқан тартыс және бочча спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Нәтижесінде, Бочча спорт түрі бойынша 1-орынға «Жарқыра» командасы, 2-орынға «Бәйтерек» командасы, 3-орынға «Жалын» командасы ие болды.
Жеңіл атлетикадан 1-орынға «Қыран», 2-орынға «Намыс», 3-орынға «Тұлпар» командасы жайғасты.
Ал, эстафеталық жарыста 1-орынды «Жұлдыз» командасы, 2-орынды «Самрұқ», 3-орынды «Толағай» командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, арқан тартыстан 1-орын «Жеңіс» командасы, 2-орын «Алға» тобы, 3-орын «Барыс» командасы иеленді.
Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және алғыс хаттармен марапатталды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054595?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау