Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін жағдайлары (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты баптары – 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) түсіндірілді.
Аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ қоғам алдында мемлекеттік қызмет беделін көтеру мақсатында ветеринария басқармасының қызметкерлерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1055444?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау