Ағымдағы жылы 21 тамыз күні Сарысу ауданы мемлекеттік архиві мекемесінде «Архивтік құжаттарды ведомстволық архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудандағы мекемелердегі ведомстволық архивтеріне жауапты мамандары, Сарысу аудандық мәслихатынан ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы А.Утебаева қатысты.
Жиынды Сарысу ауданы мемлекеттік архиві директорының міндетін атқарушы Мөлдір Ақмолдаева жүргізіп отырды.
Сарысу ауданы мемлекеттік архиві директорының міндетін атқарушы Мөлдір Ақмолдаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №235 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріп, мекемелерде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі бойынша, сонымен бірге ведомстволық архивтың жұмысын жандандыру, сақтау мерзіміне сәйкес тиісті құжаттарды аудандық мемлекеттік архивке уақтылы тапсыру қажеттігі туралы, архивтік құжаттарды сақтау талаптары, басқа да тиісті мәселелер жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «Істер номенклатурасын ресімдеу, істерді қалыптастыру, істерді ресімдеу, ұйым архивіне беру тәртібі» басқа да мәселелер жөнінде архивис Үміт Омарова түсіндіру шараларын жүргізді.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға архив директоры мен мамандарының тарапынан жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1055443?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау