Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары 2025 жылғы 15 тамызда ҚР ҰҚК Шекара бақылау қызметкерлері арасында «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шара шекара бақылау қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және олардың арасында аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары елдегі менингококк инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Семинар барысында инфекцияның таралу жолдары, белгілері мен алдын алу шаралары туралы толық ақпарат ұсынылды. Семинар қатысушыларына менингит инфекциясының алдын алу бойынша жадынамалар табыс етілді, бұл инфекциядан қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге және оның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1055268?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау