Бүгін Жамбыл облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразаков Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығын тағайындау шарасын жүргізді. Бұған дейін Өрт сөндіру кезекшілік қызметінде жедел кезекші лауазымында қызмет атқарған азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Карибаев Жамбыл облысы ТЖД бұйырығымен өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Талғат Карибаев азаматтық қорғау саласында 20 жылдан астам қызмет атқарған. Саладағы ең алғашқы еңбек жолын ол өрт сөндіруші-құтқарушы, бөлімше командирі лауазымдарынан бастап, қарауыл бастығы, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарына дейінгі бірнеше кәсіби баспалдақтардан өтіп, бүгінде халықты түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолында кәсіби қызметін одан әрі жалғастыруда. Талғат Карибаев отбасылы, бес баланың әкесі.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1055270?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау