2025 жылдың 22 тамызында Ұлытау облысында XXXIII дәстүрлі республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Ел руханияты мен өнерін дәріптеуді мақсат еткен айтулы шара аясында қазақтың төл мәдениеті мен ұлттық өнерін насихаттайтын үш ірі конкурс ұйымдастырылуда:
1. Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған әншілер байқауы;
2. Кетбұқа жыраудың 840 жылдығына арналған күйшілер байқауы;
3. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы.
Фестиваль өнер сүйер қауымды жинап, халық шығармашылығының бай мұрасын дәріптеп қана қоймай, жас таланттарға қанат бітіруге жол ашуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1055789?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау