Марқакөл ауданындағы интернет мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
Бүгінде Марқакөл ауданы халқының 82,4%-ы интернетке қол жеткізе алады. Биылғы жылдың наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет қосылды. Алайда, бірқатар елді мекен тұрғындары интернет сапасына қатысты шағымдануда. Атап айтқанда, Жаңаауыл, Оң жақ Қалжыр, Урунхайка, Қайнарлы, Бұлғартабыты, Ақжайлау, Теріскей-Бөкенбай, Балықтыбұлақ, Шағанатты, Күнгей-Бөкенбай. Бұл ауылдарда шамамен 1262 адам тұрады. Аталған ауылдардағы мәселе байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Сонымен қатар, ауданның 12 мектебінде Starlink жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернет жүргізілуде. Бұл шалғайдағы ауылдардағы оқушылар үшін қашықтан білім алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, маңызды мәселе ретінде жол бойындағы байланыс проблемасы көтерілді. Бұл, әсіресе, Марқакөлге келетін туристер үшін қолайсыздық туғызады. Бұл мәселені шешу үшін республикалық трасса бойына антенна-мачталық құрылыстар орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1055773?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау