2025 жылдың 19 тамызы күні облыс әкімі Осакаров ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді. Сонымен бірге, жиынға аудан әкімдері, аулы шаруашылығы және жер қатынастары, «Бәйтерек» холдингі қаржы институттары және бақа да мүдделі органдар басшылары қатысты.
Жиын барысында егін жинау науқанына дайындық барысы және мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланып, агроқұрылым өкілдері қойған өзекті сұрақтарына аудан әкімдері, басқарма және қаржы институттары басшыларынан нақты жауаптар ала алды.
Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, ауа райы қолайлы болған жағдайда, орташа түсімі гектарына 10,3 центнерден (2024 ж. – 14,5 ц/га), алынатын астық көлемі 946,1 мың тонна деңгейінде күтілуде (2024 ж. – 1304,6 мың тонна). Оның ішінде бидай – 817 мың тонна (2024 ж. – 1101,6 мың тонна).
Алынатын астық көлемі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тұқыммен толық қамтамасыз ету (дәнді дақыл тұқымдарына қажеттілік – 109,5 мың тонна, картоп – 38,5 мың тонна) және қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.
(2024 ж. көрсеткіштері: дәнді дақылдар – 109,4 мың тонна, картоп – 38 мың тонна).
Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен, орташа түсімі гектарына 248 центнерден шамамен 265,2 мың тонна картоп, (2024 ж. – 273,9 мың тонна), және 38,5 мың тонна көкөніс орташа түсімі гектарына 379 центнерден жиналады деп жоспарлануда (2024 ж. – 36,4 мың тонна).
Алынған өнімді сақтауға облыста жалпы сыйымдылығы 145 мың тонналық төрт лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны, сондай-ақ сыйымдылығы 340,2 мың тонналық 138 картоп және көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істейді. Жыл соңына дейін астық қоймаларының қуаттылығы 18 мың тоннаға, көкөніс қоймаларының сыйымдылығы 12 мың тоннаға арттырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1055730?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау