Жаңа спорт көшбасшыларының бағыты: 300-ден астам кәсіби спортшы салалық білім беру бағдарламаларына қабылданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дене шынықтыру мен спорт саласында білікті кадрларды даярлау және ғылыми тәсілді енгізу – Туризм және спорт министрлігінің қызметіндегі негізгі басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге сәйкес, ведомство спорттық білім беруге жаңартылған көзқарасты енгізіп, мамандарды жүйелі әрі ғылыми негізделген үлгі бойынша даярлауды қамтамасыз етпек.

Биыл алғаш рет Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (AРEMS) базасында мамандандырылған білім беру бағдарламалары іске қосылды. Бұған дейін талапкерлер тек «Дене шынықтыру» бағдарламасына ғана түсе алса, биылдан бастап тренерлік қызмет, спорттық аналитика, цифрлық және инклюзивті спорт, сондай-ақ оңалту мен бейімделген дене шынықтыру әдістемесі сынды кең ауқымды бағыттар жүзеге асырылып отыр.

Бүгінгі күні AРEMS-ке мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін 1108 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде 300-ден астамы – кәсіби спортшылар, соның ішінде:
* 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері
* 54 спорт шебері
* 281 спорт шеберіне үміткер

Бағдарламалар триместрлік жүйе бойынша 3 жылға есептелген және тереңдетілген тәжірибелік дайындыққа бағытталған. Тәжірибелер жетекші спорт клубтарында, федерациялар мен оңалту және инклюзивті орталықтар базасында ұйымдастырылады. Оқу модульдері құқықтық негіздер, спорт психологиясы, жаттығу үдерісін жекелендіру әдістемесін қамтиды.

Сонымен қатар, Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын да ұсынады. Қазіргі заманғы магистрлік және EMBA бағдарламалары спорт менеджменті, стратегиялық басқару және спорттық медицина бағыттарын қамтып, халықаралық қосдипломды бастамаларды да енгізуде.

Туризм және спорт министрлігі спорттың тұрақты әрі заманауи даму моделін қалыптастыру саясатын жалғастыра береді. Бұл ретте кадрларды сапалы даярлау – спорттық жетістіктердің өсуі мен елде салауатты өмір салтын дәріптеудің негізгі іргетасы болып қарастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1055731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version