Атырау облысы Индер ауданында 2001 жылы құрылған «ИСИГипс Индер» ЖШС — бүгінде еліміздің батыс өңірін гипсокартон өнімдерімен толық қамтып отырған жетекші кәсіпорындардың бірі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Жылдық өндірістік қуаты 5,5 млн шаршы метр болатын зауыттың өнімі қазір құрылыс саласында кеңінен қолданылады.
– Биылдан бастап зауыт құрғақ гипс өндірісін аз көлемде іске қосты. Бұл бағыттағы өндірісті алдағы уақытта ұлғайту жоспарда бар, себебі ішкі нарықта сапалы гипс материалдарына деген сұраныс артып келеді, – деді «ИСИГипс Индер» ЖШС техникалық директоры Николай Гепнер.
Кәсіпорын жыл басынан бері өртке төзімді гипсокартон өндірісін жолға қойды.
– Бүгінде мұнда 80-ге жуық индерлік тұрғын тұрақты жұмыспен істейді. Біздің мекеме құрылғалы мемлекеттік деңгейде бірнеше мәрте марапатталды. Соның ішінде отандық кәсіпкерлер арасындағы беделді марапат — «Алтын сапа» белгісін иеленді, – деді «ИСИГипс Индер» ЖШС өндіріс басшысы Орынғали Байгенжиев.
Мекеме отандық құрылыс индустриясының дамуына, жұмыс орындарын құруға және ұлттық экономиканың орнықты өсуіне өз үлесін қосып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1055795?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау