«Батыс» өңірлік қолбасшылығы қатарын жас офицерлер толықтырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жоғары әскери оқу орындарын аяқтаған 24 түлек үшін оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. 

Жоғары оқу орындарында олар командалық-тактикалық мотоатқыштар, әуе-десанттық, танк әскерлері, артиллерия, әскери барлау, сондай-ақ тәрбие жұмысы мен әскери психология бағыттары бойынша оқудан өтті. Жас лейтенанттар взвод командирлері, батальондық психологтар, рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары лауазымдарына тағайындалатын болады. 

Он күндік оқу-әдістемелік жиын теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында өтеді. Жас офицерлер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін зерделейді, қарауылдар мен әскери нарядтар қызметінің негіздері, сондай-ақ взводтардағы тәрбие жұмысы бойынша дәрістер тыңдайды. Бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік қызметін реттейтін нормативтік және басшылық құжаттарға ерекше назар аударылады. 

Қызметін енді бастаған командирлер жалпыәскери жарғылар, дене шынықтыру, тактикалық және атыс дайындығы бойынша сынақ тапсырады. Нұсқаушылардың айтуынша, лейтенанттар сенімді білім мен қызметке дайындықтың жоғары деңгейін көрсетуде. 

– Өзімнің байсалды көзқарасым бар. Болашақта өз ісіне лайықты командир болғым келеді, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі лейтенант Медет Серікбаев. – Бөлімдерде бізді жақсы қарсы алды, қолбасшылық біздің тез бейімделуіміз үшін бәрін жасап жатыр.  

Жас офицерлер Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Бейнеу гарнизондарында қызмет ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1055797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version