2025 жылғы 24 тамызда Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 830 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 409 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 20 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Қарақала ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Агынов Нуржан Серикович үшін сайлаушылардың 232 дауысы берілді,
Асаинова Жанар Болатқызы үшін сайлаушылардың 130 дауысы берілді,
Касымова Меруерт Бауржановна үшін сайлаушылардың 10 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 23.
Сайлау қорытындылары бойынша Қарақала ауылдық округі әкімі болып Агынов Нуржан Серикович сайланды, 1977 жылы туған, «Аққулы аудандық экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ құрылыс секторының меңгерушісі, Аққулы ауылының тұрғыны.
Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1055935?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау