Балаларды мектепке даярлауға қолдау көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясының бастамасымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Аталған игі іс-шара аясында партияның аудандық филиалы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 9 оқушыға мектепке қажетті толық жабдықталған сөмкелер, мектеп формасы, спорттық киімдер мен оқу құралдары табысталды.

Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына аудандық мәслихат депутаттары да белсене атсалысты. Мәселен, Шубаева Ғалия бір оқушыға оқу құралдарын алып берсе, Рысымбетов Пернебай екі оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті. Ал Орынбаев Нұрлан оқушыға мектеп формасы мен оқу-құралдарын сыйлап, қуаныштарына ортақтасты.

 Әрбір баланың сапалы білім алып, қоғамда өз орнын табуына жағдай жасау –партияның басты міндеттерінің бірі. Бұл акцияның мәні – балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың мектепке деген қызығушылығын арттыру болып табылдаы.

Жалпы, «Балаларды мектепке даярлаймыз» акциясы жыл сайын өткізіліп, мыңдаған балаға қуаныш сыйлап келеді. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1056158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version