Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері.
Осы орайда Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығымен Мойынқұм аудандық полиция құрамы Республикалық «Қоғам сақшысы» жобасы аясында Мойынқұм ауданы орталығында орналасқан кафелерде, ойын- сауық орталықтарында және дүкендерге түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде түнгі 23:00- ден кейін кәмілеттік жасқа толмаған 4 жастың ата-анасына ескерту берілді. Ал түнгі 24:00- де кафелердің жабылу керектігін және кәмілеттік жасқа толмаған жастардың жұмыс істеуіне болмайтыны түсіндірілсе, түнгі уақытта жұмыс жасайтын дүкендерде 21 жасқа толмаған жастарға спирттік өнімдермен темекі сатуға болмайтындығы қатаң ескертілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1056159?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау