Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодардың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, олардың қызметімен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысы жұмыс сапарын 2004 жылы негізі қаланған «KazBitumService» ЖШС-нен бастады. Компания аймақтағы шатыр мен гидрооқшаулағыш материалдарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорында рукан, битум праймері, модификацияланған битум және мастика өндіріледі. Бүгінде кәсіпорын жыл сайын 1,2 млн шаршы метр рукан және 8 мың тонна модификацияланған битум өндіреді. Компанияда барлық өндірістік процестердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін 86 маман жұмыс істейді. Сондай-ақ, жақын арада зауыт жаңа өндірістік желіні іске қосуды жоспарлап отыр, соның арқасында шатыр материалдарын шығару көлемі жыл сайын тағы 15 млн шаршы метрге артатын болады.

Кәсіпорын басшылығы компанияны Қазақстан Республикасының көлік министрлігімен жол ұйымдары үшін бөлінетін арзандатылған битумды алушылар тізіміне енгізу мәселесін көтерді. Бұл мәселе кәсіпорынды одан әрі дамыту және өнімнің нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды болып табылады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл мәселе орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп нақты шешімдер әзірлеу үшін пысықталатын болады.

Келесі нысан 2009 жылы жұмысын бастаған «Проманалит» ЖШС болды. Кәсіпорын заманауи газ анализаторлары мен экологиялық мониторинг кешендерін, сондай-ақ газ аналитикалық жабдықтары мен автоматтандыру құралдарын шығаруға маманданған. Компанияның өндірістік қуаты жылына 60 бірлікке дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 100-ге тарта білікті қызметкер жұмыс істейді.

Сапар барысында кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеп тұрғаны, барлық өндірістік жоспарларды орындайтыны атап өтілді және оның тұрақты дамуы мен нарықтағы сенімді ұстанымы айтарлықтай мәселелердің жоқ екендігін көрсетіп отыр.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе, Асайын Байханов Павлодар облысы әрқашан елдің жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі болғанын және болып қала беретінін атап өтті. Бұл жерде қолдау мен дамытуды қажет ететін маңызды өндірістік әлеует шоғырланған. Мемлекеттік органдардың міндеті – өндірістің өсуі, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жаңа технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Өңір басшысы жауапты құрылымдарға кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын іске асыруды ерекше бақылауда ұстауды, кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетуді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау көрсетуге байланысты мәселелерді белсенді шешуді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1056015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version