Тұрғындардың мәселелері – бақылауда.
25 тамызда қалалық мәслихаттың төрағасы Еркен Сағандықовқа Шығыс кентінің тұрғындары орталық су құбырына қосылу мәселесі бойынша жүгінді.
Аталған мәселені жан-жақты қарастыру мақсатында осы сайлау округіне тиесілі депутат Ақмарал Мұраттың тұрғындармен кездесуі туралы шешім қабылданды.
Мәслихат әрдайым азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстап, халықтың өмір сүру сапасына тікелей қатысты мәселелерге ерекше мән береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1057243?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау