Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қытай Халық Республикасының Тұрғын үй, қала және ауылдық аумақтарды дамыту министрі Ни Хунмен келіссөздер жүргізді.
Тараптар құрылыс индустриясы, тұрғын үй құрылысы және қала құрылысы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Құрылыс нарығын реттеу, инновациялық технологияларды енгізу және «ақылды» қалалар тұжырымдамасын дамыту, жасанды интеллект, сондай-ақ тұрақты даму және экологиялық таза құрылыс шешімдерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Келіссөздердің бөлек тұсы болашақ Алатаудың инновациялық қаласы жобасы болды.
Одан бөлек, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сапары аясында ағымдағы жылдың 16-18 маусымында Астанада өткен «Қытай-Орталық Азия» саммитінде қол жеткізілген бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Министр Ни Хун Ерсайын Нағаспаевты Орталық Азия елдері мен Қытай құрылыс министрлерінің бірінші отырысына, сондай-ақ ағымдағы жылдың қараша айында Қытайда өтетін құрылыс саласының халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық аясында әріптестікті тереңдетуге және бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлік расталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1057245?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау