Алматы қаласының полициясы электровелосипедтерді тіркеудің қажеттілігін түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы жылдары шаһарда электровелосипедтердің саны күрт өсуде. Олардың танымалдығы қолжетімділігімен, экологиялық тазалығымен және қала жағдайында пайдаланудың ыңғайлылығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, көптеген азаматтар мұндай көлік құралдарын мопедке балама ретінде пайдаланып, тіркеу талаптарынан жалтаруға тырысуда.
Алайда қазіргі заманғы электровелосипедтердің техникалық сипаттамалары көбіне сағатына 40–45 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалып, 400 Вт-тан жоғары қуатқа ие. Бұл көрсеткіштер заңмен белгіленген шекті мәндерден асып түседі және электровелосипедті автоматты түрде мопед санатына жатқызады. Тиісінше, олар міндетті түрде тіркеуге жатады, техникалық паспорты, мемлекеттік нөмірі мен сақтандыруы болуы тиіс.
«Азаматтардың электровелосипедтерге деген қызығушылығын түсінеміз. Алайда заңға сәйкес, қуаты 250 Вт-тан жоғары және жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын көлік құралдары мопедтер санатына жатады. Мұндай көліктерді жалпы қолданыстағы жолдарда тіркеусіз және қажетті құжаттарсыз жүргізуге болмайды. Бұл тек қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сонымен қатар иелерінің құқықтарына да байланысты: тіркеу меншік құқығын растайды, ал ұрлық немесе жоғалған жағдайда көлік құралын заңды иесіне қайтаруды жеңілдетеді», – деді, Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Полиция қызметкерлері мұндай көлік құралдарының тіркеусіз жүруі жол инфрақұрылымын қиындатып, жол-көлік оқиғаларының артуына әсер ететінін ескертеді.
Сондықтан электровелосипедтерді тіркеу – ең алдымен жолдағы қауіпсіздік пен тәртіп мәселесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1056623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version