Мектепке жол: ауданның мыңнан астам оқушысына жаңа оқу жылына сөмке табысталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Биыл «Нұра» ауданы бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңнан аса балаға қолдау көрсетіліп, оларға оқу құрал-жабдықтарымен толықтырылған сөмкелер табысталады. Бүгінгі күні жоспарланған сөмкелердің жартысы үлестірілді.

Акция аясында бұған дейін «Сарыарқа» СОО мен «Tumar» сауда үйінің алдында кез келген тұрғын мектепке қажетті заттарды қалдыра алатын қамқорлық жәшіктері орнатылған болатын. Сонымен қатар ауданның 20-дан астам кәсіпкері игі бастамаға атсалысып, жас жеткіншектерге арнап сөмкелер дайындады.

«Нұра» ауданы әкімдігі акцияға белсенді қатысып, оны жүзеге асыруға үлес қосқан кәсіпкерлерге және барлық тұрғындарға шынайы ризашылығын білдіреді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-nura/press/news/details/1056622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version