КЕЛЕС АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік-тұрмыстық және жер мәселелеріне қатысты өтініш-тілектерін жеткізді.
Жеке қабылдауға Абай, Бірлік, Біртілек, Ақтөбе және Қошқарата ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып, негізінен жерді заңдастыру, жол мәселесі, арық қаздыру, ағын су және ауыл шаруашылығына байланысты сұрақтарын көтерді.
Атап айтқанда, Абай ауылынан келген тұрғындар жер алу және жерді заңдастыру бойынша өтініш білдірді. Бірлік пен Біртілек ауылдық округтерінің азаматтары учаскелік жерлерін рәсімдеу, жолға кіріп-шығу мәселесін шешуді сұрады. Ақтөбе ауылдық округінен келгендер суару және арық қазу мәселесін жеткізсе, Қошқарата ауылдық округінен ағын суға қатысты мәселе көтерілді.
Әрбір өтінішке сәйкес тиісті ауылдық округ әкімдеріне және ауданның жауапты бөлімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Қабылдау қорытындысында аудан әкімінің орынбасары барлық мәселелердің бақылауға алынып, заң шеңберінде шешілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1056821?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version