Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінде қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, сондай-ақ өндірістік әлеуетті дамытуға кіші және орта бизнес субъектілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде жеке кәсіпкерлер үшін арнайы таныстыру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кәсіпкерлерге мекеме аумағында орналасқан бос тұрған ғимараттар көрсетіліп, оларды өндірістік және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланудың мүмкіндіктері ұсынылды.
Кездесудің басты мақсаты – бизнес өкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесінің өзара ынтымақтастығын нығайту, қолөнер, тігін, ағаш өңдеу, металл бұйымдарын шығару және басқа да өндіріс түрлерін дамыта отырып, сотталғандарды еңбекпен қамту және олардың қайта әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері мен облыстық прокуратура қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Жиын барысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары мен ынтымақтастықтың заңнамалық тетіктері түсіндірілді.
– Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, қылмыстық-атқару жүйесінде бос ғимараттарды тиімді пайдалану арқылы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін бермек, – дейді мекеме бастығы әділет подполковнигі Кусайынов Абылай Бисенбаевич.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1056849?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау