«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша «ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі бастау алды.
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы аталмыш акцияға қосылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңызды құжат – жеке куәлікті алғаш рет алған азаматтарға салтанатты түрде табыстады.
«Конституция – бұл біздің мемлекетіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бүгінгі іс-шара қазақстандық азамат болу – үлкен мәртебе мен жауапкершілік екенін тағы бір мәрте еске салады», – деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы.
Аталған іс-шара челлендждің жарқын бастамасы болып, алдағы уақытта облыстың барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1056850?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау